Қылмыс

Көлікті масаң күйде жүргізген теріскейлік 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Көлікті масаң күйде басқару жағдайы осыдан бірер күн бұрын Есіл ауданында  тіркелді.

“ВАЗ 2112” машинасын тізгіндеген 29 жастағы ер адам қарсы бетте келе жатқан “Lada Granta” көлігіне барып соғылған. Салдарынан соңғы көлікте отырған әйел мен кішкентай бала аудандық орталық ауруханаға жеткізіледі. Медициналық талдау көрсеткендей “ВАЗ” көлігін басқарған жігіт алкогольдік масаң күйде болған. Өзі мен өзгенің өміріне бейжай қараған темір тұлпар иесі 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Алдияр Айтпаев