Көлікті масаң күйде жүргізген теріскейлік 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

Қылмыс

22:39 26 Сәуір 2022

Көлікті масаң күйде басқару жағдайы осыдан бірер күн бұрын Есіл ауданында  тіркелді.

“ВАЗ 2112” машинасын тізгіндеген 29 жастағы ер адам қарсы бетте келе жатқан “Lada Granta” көлігіне барып соғылған. Салдарынан соңғы көлікте отырған әйел мен кішкентай бала аудандық орталық ауруханаға жеткізіледі. Медициналық талдау көрсеткендей “ВАЗ” көлігін басқарған жігіт алкогольдік масаң күйде болған. Өзі мен өзгенің өміріне бейжай қараған темір тұлпар иесі 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да мал ұрлығы азайды
СҚО-да жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысты 68 факті тіркелді
СҚО-да бір түнде 8 мас жүргізуші ұсталды
Жалған ақпарат бергені үшін сотталды
СҚО-да жазасын өтеп жатқан ер адамнан есірткі табылды
Полицейлер заңсыз жолаушыларды анықтау бойынша рейд жүргізіп жатыр
Жыл басынан бері облыста 100-ден астам ұялы телефон ұрлығы тіркелді
Петропавлда 19 жастағы колледж студенті асулы күйінде табылды
Петропавлда 21 жастағы интернет-алаяқ ұсталды