Петропавлда қазақ күресінен 2 күн бойы өткен ІІМ спартакиадасының жеңімпаздары белгілі болды.
Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен келген 160-қа жуық палуан қатысты. Жалпыкомандалық есепте Қарағанды облысының полиция департаменті бірінші орынды иеленді. Күміс медаль нұр-сұлтандық құрамаға бұйырса, Алматы қаласының тәртіп сақшылары қола медальді қанағат тұтты.
Ал ведомстволар арасында үшінші орынды – Төтенше жағдайлар министрлігінің командасы, екінші орынды Ұлттық ұлан жеңіп алды. Ішкі істер министрлігінің құрамасы бірінші орынға табан тіреді.
Самал Жунусова