МТРА жаңалықтары

Қалада абаттандыру ережелерін бұзғандарға қатысты 1,5 мың хаттама толтырылған

Үйілген қоқыс қаланың көркін де қашырады, өртке де себеп болуы мүмкін.
Осы орайда учаскелік инспекторлар тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Үйінің қасына қоқысты үйіп қойған жандарға әуелі ескерту айтылады. Ескерту еленбеген жағдайда айыппұл салынады. Жеке тұлғаларға – 20, ал заңды тұлғаларға 30 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Облыс орталығында жыл басынан бері абаттандыру ережелерін бұзғандарға қатысты 1,5 мың хаттама толтырылған.

Данаш Хамзина