“Bars” БК – ел чемпионатының қола жүлдегері

Спорт

23:25 20 Сәуір 2022

Ерлер арасында баскетболдан 30-шы ел біріншілігі өткен жылдың қазан айынан басталды. Барыстық жігіттер бұған дейінгі маусымда қол жеткізген чемпиондық атақты сақтап қалу үшін аянбай тер төкті. Команданың аяқ алысы да жаман болмады. Ұжым жеңілістің кермек дәміне қарағанда жеңістің тәтті дәмін көбірек сезінді. Осылайша, 10 команданың ішінен солтүстікқазақстандықтарға жүлделі 3-ші орын бұйырыпты.

Михаил Дедов, “Bars” БК директоры:

– Өткен жылғы чемпионатқа қарағанда биылғысының деңгейі әлдеқайда жоғары болды. Ел біріншілігің жоғары лигасына 2021 жылы 6 команда қатысса, биыл 10 ұжым бақ сынады. Ағымдағы жылы біздің лигаға алматылық “Kazakhstan” командасы қосылды. Бұл клуб басшылығы өз қол астына 3х3 баскетбол ойнаудың хас шеберлері мен ұлттық лиганың 4 ойыншысын алған.

Жоғары лигада “Kazakhstan” командасымен “Bars” БК 3 мәрте жолығыпты. Алғашқы екі ойында алматылық команданың асығы алшысынан түскен екен. Ал соңғы кездесу біздің құраманың пайдасына шешіліпті. Дегенмен, ұпай саны бойынша оңтүстікастаналықтар біріншіліктің жеңімпазы атанды. Күміс жүлде болса шымкенттіктерге бұйырды. Жиын барысында “Bars” БК капитаны Максим Налогов өткен чемпионат жайлы өз ойын білдірді.

Максим Налогов, “Bars” БК капитаны:

– Командамыз тату. Мен үшін бірінші кезекте осы маңызды. Сол себепті, мен құрама сапында қалып, ойнауды жалғастырамын. Бұл маусымда бізге тәжірибелі маман Николай Куркин жетекшілік ете бастады. Осы кісінің арқасында кәсіпқой деңгейдегі баскетболған бір қадам жақындай түстік.

Айта кету қажет, “Bars” БК жергілікті ойыншылардан жасақталған. Құрама сапында бірде-бір легионер жоқ.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

“Qyzyljar” мен “Taraz” тең түсті
Түркияда 4 медаль бұйырды
Петропавлда алғаш рет мейбукан годзю-рю карате-додан ел чемпионаты өтті
“Kuanish” ВК клубтық Азия чемпионатына қатысуда
Қазақ күресінен өткен ІІМ-нің спартакиадасы қорытындыланды
Еркін күрестен Азия чемпионатының жүлдегері Нұрқожа Қайпанов Петропавлға келді
Петровка ауылының тұсында ұлттық өнер ұлықталды
«Есіл СК» ВК-ның ойыншылары БАҚ өкілдерімен кездесті
Өңірде “Қайсар” әскери-патриоттық жобасы бастау алды
“Kuanish” ВК тарихи жеңіске қол жеткізді
Петропавлдық “Qyzyljar” алматылық “Kairat”-пен тең ойнады
Облыс әкімі “Kuanish” ВК ойыншыларын құттықтады