Konstitutsia banner mobile

МТРА жаңалықтары

Айыртау ауданының тұрғыны тіркелмеген қаруды шкафқа тығып қойған

Полиция қызметкерлері Айыртау ауданының тұрғынының үйінен тіркелмеген қару тапты. Мылтықты ол шкаф ішіне тығып қойған. Бұл факті “Қару” жедел-алдын алу шарасы барысында әшкере болды. Қару тәркіленіп алынды. Иесі 20 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.
Ақпан айынан бастап облыста заңсыз айналымнан 40-тан астам азаматтық қару тәркіленіп алынған. 280-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Алдияр Айтпаев