GPS-трекердің ерекшелігі

Ауыл шаруашылығы

3:14 14 Сәуір 2022

Бір ғана жануарды емес, бүкіл табынды қашықтықтан бақылауға мүмкіндік береді. Өңір фермерлері арасында малдарына GPS-трекер таққандардың қатары көбейіп келеді.

Биыл заман игілігін Уәлиханов ауданындағы қос кәсіпкер пайдаланды. Біреуінің шаруашылығында заман игілігінің 40 данасы болса, екіншісі 60 данасын өз жылқыларына тағыпты. Кәсіпкерердің айтуынша, GPS-трекер малға қарауды едәуір жеңілдеткен екен. Себебі, оның көмегімен төрт түлікті онлайн карта арқылы қайда жүргендерін анықтауға болады. Яғни, кез келген жерден қолыңыздағы смартфон, планшет немесе компьютерді қосып қарай бересіз. Ал тәртіп сақшыларының айтуынша GPS-трекер арқылы ұрланған малды да тез тауып алуға болады екен.

Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Премьер-Министр өңір аграрийлерімен кездесті
Өңір диқандары мамырдың ортасында дән себуге кіріспек
Солтүстікқазақстандық аграрийлер егіс науқанына қамдануда
Жұмыртқа өндіруге берілетін субсидия 2 есеге артады
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жанар-жағармаймен қамтамасыз ету