Бизнес және экономика

“E-Salyq Business” мобильді қосымшасының мүмкіндіктері

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, салық режимін таңдау және өзгерту, салық төлеу. Мұның бәрі енді бизнесмендерге арналған “E-Salyq Bussiness” мобильді қосымшасында қолжетімді.

Бұл бағдарламаның мүмкіндіктері молынан дейді мамандар. Жеке кәсіпкерлік ашу немесе оны доғару жұмыстарын, есептілік жүргізуді де аталған жүйенің көмегімен тындыруға болады. Қосымшада салық әмияны да бар. Онда азаматтың қарызы жазулы тұрады екен. “E-Salyq Bussiness” бағдарламасын”App Store” және “Google Play”-ден жүктеп алуға болады. Әзірге, мобильді қосымшаны қалада 150-ден астам кәсіпкер пайдаланып жүр.

Анастасия Долгушина – қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы

– “E-Salyq Business” қосымшасы іскер жандардың салық төлеу процесін едәуір жеңілдетуге арналған. Бағдарламаға тіркелген бизнесмендер барлық салық түрлерін үйден шықпай-ақ төлей алады.

Дана Ешкенова