МТРА жаңалықтары

Ескерткіштер маңында сенбілік өтті

18-ші сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Осыған байланысты облыс орталығының бірнеше көрнекті жерінде сенбілік өтті.

Оған мәдениет саласының өкілдері қатысты. Мәселен, Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұжымы мен облыстық тарихи мұраларды қорғау орталығының қызметкерлері халық жазушысына арнап орнатылған ескерткіштің маңын жинады. Іс-шара барысында викторина да ұйымдастырылды. Ойын барысында тұрғындарға әдебиет алыбына қатысты сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, сенбілікте тарихи тұлғаның шығармашылығы паш етілді.

Аманжол Зағыпар, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері:

– Биыл әдебиет алыптарының шоғырын бастаған Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толып отыр. Жылдың басынан көптеген іс-шаралар өткізілуде. Алда келе жатқан Халықаралық ескерткіштер күні қарсаңында осында келіп отырмыз. Мұндай жұмыстар мерекеге орай барлық тарихи орындарда жыл сайын өткізіледі. Бұл – дәстүрге айналған іс-шара.

Эльмира Садвокасова