12 сәуір – Ғарышкерлер күні

МТРА жаңалықтары

23:13 12 Сәуір 2022

Мектептегі тарих кабинетінде «Музей сабағы» өтіп жатыр. Оқушылар ғарышкерлердің күн тәртібімен танысуда.

Бүгін осыған ұқсас шаралар мектептегі әр оқу кабинетінде ұйымдастырылды. Тақырып – ғарыш пен ғарышкерлер. Мына жерде талапты жастар ғарышкерлер сияқты мықты болуы үшін спорттық жарыста сынға түсіп жатса, мына жеткіншектер құнды электрондық оқулықпен танысып жатыр.

14-ші орта мектебінің әр оқушысы тарихи тұлғаның есімі берілген мектепте білім алатындықтарын ерекше мақтан тұтады. Ләйлә Смаилова да солардың қатарында.

Ләйлә Смаилова, №14 орта мектебінің оқушысы:

– Юрий Гагарин – өте батыл адам. Себебі, ол ғарышқа бірінші болып ұшты. Ол кісі жайлы тарихтан жақсы білемін. Юрий Гагариннің есімі берілген мектепте оқитынымды мақтан тұтамын.

Юрий Гагарин ғарышқа 1961 жылы ұшты. Дәл сол жылы бұл білім ошағы да балаларға есігін айқара ашты.

Антонина Сачкова, Ю.Гагарин атындағы №14 орта мектебінің директоры:

– 61-ші жылы мектеп ұжымы Юрий Гагаринге хат жазып, мектепке есіміңізді беруге қалай қарайсыз деп рұқсатын сұраған екен. Сонда ғарышкер бірден келісімін беріпті. Оқушылар осы күнді тағатсыздана күтеді. Өйткені, бұл – әрі Ғарышкерлер күні, әрі мектептің ашылған күні.

Бүгін білім ұясында 400-ге жуық оқушы оқиды. Бір қызығы, солардың басым бөлігі ғарышкер болуды армандайды екен.

Самал Жунусова

Бұдан әрі оқыңыз

«Шұғыл шақырту» бағдарламасы 14.05.2022
“Amanat” партиясының өкілдері жергілікті кәсіпкерлермен кездесті
“AMANAT” партиясының қоғамдық кеңес отырысы өтті
Заңды бұзған аңшыға қомақты айыппұл салынады
Биыл Петропавлда 36 адам мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді
Петропавлда ювеналдық полиция есебінде 80 отбасы тұр
Мал ауруларымен күрес – күн тәртібінде
Зарқын Тайшыбайдың 80 жасқа толуына арналған іс-шара өтті
Ерік Сұлтанов облыс активімен жүздесті
ЕЛІМІЗДЕ МАУСЫМНЫҢ 5-І КҮНІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТЕДІ
“Қызылжар су” серіктестігінің басшылығы өткен жылды қорытындылады
“7+7” Ақпараттық бағдарламасы 14.05.2022