Спорт

“Quanysh-2” ВК – ел біріншілігінің чемпионы

Спортсүйер қауымға сүйінші жаңалық. “Quanysh” ВК-ның 2-ші құрамасы уақытынан бұрын ел біріншілігінің чемпионы атанды.

Бұрымдылар 23 жасқа дейінгі әйелдер командалары арасында үздік атанды. Чемпионат барысында петропавлдық ұжым 25 мәрте жеңіске жеткен. Осылай қоржынға 76 ұпай түсірген. Солтүстікқазақстандық волейболшы қыздар әлі 3 ойын өткізеді. Соның бірі – ертең “Almaty-2” құрамасымен кездеседі.

Алдияр Айтпаев