МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі М.Жұмабаев ауданына барды

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов іс-сапармен М.Жұмабаев ауданына барды. Өңір жетекшісі былтыр іске қосылған Полудинское серіктестігінің тауарлы-сүт фермасының жұмысын бағамдады. Дәл осындай заманауи кешеннің құрылысы қазір Жастар селосында жүргізілуде. Жоба құны 3 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның таспасын қию күз мезгіліне жоспарланған. Тағы өңір жетекшісі М.Жұмабаев ауданы мен облыстық азаматтық қорғаныс қызметі мамандарының тасқынға дайындығын тексерді. Қызыл судың алдын алуға жергілікті бюджеттен 8,6 млн теңге бөлінген. Бүгінде қажетті техника да, мамандар да сақадай сай. Аймақ басшысы аудан орталығындағы абаттандыру жұмыстарына да оң бағасын берді. Кейін Құмар Ақсақалов Возвышенка селосына барып, тұрғындармен кездесу өткізді.

Дана Ешкенова