Су тасқыны

Есіл өзеніндегі судың деңгейі бір қалыпта тұр

Петропавл мен Сергеевка су қоймаларындағы судың деңгейі бір қалыпта тұр. Қазгидромед мамандары берген ақпаратқа сүйенсек, осыдан бір ай бұрын екеуінде де көрсеткіш 690 см-дің шамасында болған. Ал бүгін судың деңгейі сол қалпынан өзгермепті. Аздап төмендеу байқалады екен. Мамандардың сөзінше, тіршілік көзінің деңгейі Есіл өзенінің салаларында ғана көтеріліп жатыр. Мәселен, Айыртау ауданындағы Иманбұрлық өзеніндегі су өткен аймен салыстырғанда 112 см-ге жоғарылаған.

Бердимурат Баймухан