МТРА жаңалықтары

Өңірде көлікті масаң күйде басқарған 200-ден астам жүргізуші ұсталған

Тақырыптан ауытқымаймыз! 18 жастағы Айыртау ауданының тұрғыны «ВАЗ-21010» көлігімен электр бағанасына соғылған. Соққының салдарынан жарақат алған.

Оны қираған автомобиль ішінен тәртіп сақшылары мен жергілікті тұрғындар шығарып алыпты. Апатқа ұшыраған жүргізуші бірден медициналық сараптамадан өткізіліпті. Нәтижесінде жас жігіттің есірткілік масаң күйде болғаны анықталған. Орын алған жайт бойынша әкімшілік материал жиналыпты. Тәртіпсіз теріскейлік қамауға алынады әрі 7 жылға көлік басқару құқығынан айрылады. Жалпы, жыл басынан бері өңірде машинаны масаң күйде басқарған 229 адам ұсталған.

Байболат Култанов