МТРА жаңалықтары

Зейнетақы жинағын пайдалануға арналған жеткілікті шектің көлемі өсті

1 сәуірден бастап Қазақстанда Зейнетақы жинағын пайдалануға арналған жеткілікті шектің көлемі екі есеге өсті.

Енді 20 жастағы ел азаматтары үшін жеткілікті меженің құны 3 млн теңгеден асты. Бұрын бұл сома 1,7 млн теңгені құрайтын. Ал 40 жастағы тұрғындар артылған ақшаларын 6 млн-ға толғаннан кейін ғана шеше алады. Аталған өзгеріс биылғы АЕК көлемінің жоғарылауына байланысты орын алып отыр.

Бердимурат Баймухан