Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыстық әкімдікте ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi

Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өттi.

Жиын барысында екі мәселе қаралды. Алғашқысы жергілікті тәртіп сақшыларының қызметіне қатысты. Нақтырақ айтатын болсақ, полицияның жұмысын сервистік модельге көшіру бойынша атқарылған шаруа сөз болды. Сондай-ақ, отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жайы да қаузалды.

Эльмира Садвокасова