МТРА жаңалықтарыCOVID-19: Қазақстан

Вакциналау қарқыны

Қазір 2-ші емханаға вакцина салдырту үшін күніне 10-15 адам келеді екен. Ал ревакцинациядан 35-40 адам өтеді. Оның өзінде коронавируспен ауырған немесе туыстары індеттен қаза тапқан жандар ғана жүгінеді дейді дәрігерлер.

Ольга Дайтхе, №2 қалалық емхананың жалпы тәжірибедегі дәрігері:

– Иммундаудан өту үшін бізге келетін жандардың қатары сиреді. Қоңырау шалып, вакцинацияға шақырған кезде “Екпенің не қажеті бар, шектеулер алынып тасталған жоқ па?” деп айтады. Осылай вакцинациядан бас тартады.

Келушілер аз болса да емханада екпе егу науқаны жалғасып жатыр. Емдеу мекемесінде 80 мыңға жуық петропавлдық тіркеуде тұрса, бүгінде соның 40 мыңы екіпенің алғашқы компонентін қабылдаған. Ал 10 мыңнан астам тұрғын ревакцинациядан өткен.

Ольга Дайтхе, №2 қалалық емхананың жалпы тәжірибедегі дәрігері

– Емхананың қала бойынша 3 екпе егу пункті бар. жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, көшпелі бригадамыз бар. Препараттар жеткілікті. Вакциналауда “Vero Cell”, “Pfizer” екпелері қойылады. Ал ревакцинация үшін “Vero Cell”, “Pfizer” және “Qaz Vak” қолданылады.

Қазіргі уақытта емханада тіркеуде тұрған 3 адам коронавирустық инфекцияға шалдыққан екен. Бәрі дерттің жеңіл түрімен сырқаттанған. Науқастар үйлерінде жатып ем қабылдауда. Жағдайларын дәрігерлер бақылап отырады.

Алдияр Айтпаев