Ардагерлер кеңесіның тарихы 87-ші жылдан бастау алады. Ұйым 35 жыл бұрын наурыз айында Алматы қаласында өткен құрылтай конференциясында республикалық деңгейде құрылды. Кейін, аудандар мен ауылдарда да ардагерлер ұйымы пайда бола бастады. Бүгінде қазыналы қарияларымыз елдің тұрақтылығы мен ауызбіршілігін сақтап қалуға ықпал етіп, билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналды.
Қазақстанның дамуы мен көркеюіне елеулі үлес қосып келе жатқан ардагерлер кеңесінің мүшелерін мерейтойларымен өңір жетекшісінің атынан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Кемел Оспанов құттықтады.
Кемел Оспанов, СҚО ішкі саясат басқармасының басшысы:
– Сіздерді Солтүстік Қазақстан облысының ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуымен құттықтаймын! Осынау жылдарда ардагерлер ұйымына топтасқан қазыналы қарияларымыз еліміздің сөгілмеуіне, Тәуелсіздіктің берік қалануына, жастардың жүрегіне отандық патриотизмді сіңіруге үлкен еңбек жасады.
Өңірде ардагерлер кеңесіне әуелі Ұлы Отан соғысының ардагері Сергей Пресняков басшылық еткен екен. Бүгінде ұйымның төрағасы – солтүстікқазақстандықтарға жақсы таныс қоғам белсендісі Ескендір Елеусізов. Ескендір Ысмақұлы қазыналы қариялардың елеулі еңбектерін тілге тиек етіп, алдағы уақытта да жаңа Қазақстанның құрылуына сүбелі үлес қосатындарын атап өтті.
Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Өңіріміздегі ардагерлер ұйымының 35 жылда өткерген белестеріне көз жүгіртіп өтейік. Бүгін ел көлемінде алдыңғы қатарлы ұйымдардың легінен көрініп отырмыз. 01:15 Облыстық ардагерлер кеңесі жүргізіп отырған сан-салалы жұмыстың қоғам үшін маңыздылығын жақсы түсінеді.
Ардаргерлер кеңесінің құрылуы мен өркендеуіне жерлесіміз Тұрар Оразалиннің де сіңірген еңбегі орасан зор. Ақсақал саналы ғұмырын қоғамның тыныс-тіршілігіне арнапты.
Тұрар Оразалин, Шал ақын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Бүгінде облысымызда 100 мыңнан астам ардагеріміз бар. Соның 3800-ден астамы Шал ақын ауданында тұрып жатыр.
Жиын соңы шағын концертке ұласты.
Дана Ешкенова