Үй-күйсіз көше кезген жандарды қабылдап-тарату орнына жеткізу үшін полиция қызметкерлері арнайы рейд ұйымдастырады. Осы жолы 70 жастағы мүгедек өзі хабарласып, алып кетуді өтінген. Қартты сұранып тұрып жатқан баспанасынан үй иелері түн ортасында қуып шыққан.
Болат Баймақанов, қалалық ПБ қабылдап-тарату орны бастығының міндетін атқарушы:
– Қабылдап-тарату орнының қызметкерлері сағат 16:00-ден бастап түнгі 12-ге дейін көшелерді аралап, қаңғыбастарды арнайы орталыққа жеткізеді. Осы жұмыс күн сайын жүргізіледі.
Жыл басталғалы облыстық полиция департаментіне 400-ге жуық адам жеткізіліпті. Судьяның санкциясымен олардың 60-тан астамы қабылдап-тарату орнына жағастырылған. 62 тұлға есепке алынған. Оның 47-сі – ер, қалғаны 15-і – әйел адам.
Дана Ешкенова