Өңірде егістік науқанына дайындық күшейді. Көктемгі дала жұмыстарына 4 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатыспақ. Биыл 4,3 млн гектар алқапқа дән себу жоспарланған. Оның 1 млн-ы майлы дақылдарға арналады. Импортты алмастыруға мүмкіндік беретін қарақұмық 10 мың гектарға егіледі. Бұл былтырғы көрсеткіштен 16 пайызға көп. Топырақтағы ылғалды молайту мақсатында 2,7 млн гектар алқапта қар тоқтату жұмыстары жүргізілді. Техниканың дайындығы да 100 пайызды құрайды. Егістік науқанына 13 мыңға жуық трактор, 15 мың дән сепкіш пен 1400 заманауи кешен жұмылдырылады. Бұл ретте ауылшаруашылық техника паркінің жыл басынан 11 млрд теңгеге 433 бірлік техникамен толыққанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ, аграрийлер биыл 170 мың тонна минералдық тыңайтқыш себуді көздеп отыр. Көктемгі дала жұмыстарын ойдағыдай өткізу үшін солтүстікқазақстандық диқандарға жалпы көлемі 71 мың тонна дизельдік отын бөлінеді.
Эльмира Садвокасова