Әр түрлі

Рамазан айы сәуірдің 2-сі басталады

Ағайын асыға күткен Рамазанның басталуына санаулы күн қалды. Биыл қалың көпшілік сәуірдің 2-ші жұлдызы мен мамырдың 1-і аралығында ауыз бекітеді.

Яғни, мұсылман қауымы 5 парыздың үшіншісі орындауға кіріседі. Ораза ұстаған жан тек тамақтан ғана емес, жамандық атаулыдан түгел тыйылып, жақсылық жасауға асығуы тиіс. Дегенмен, денсаулығы нашар, созылмалы дерті бар немесе қарт адамдар ауыз бекітуге міндеттелмейді. Бірақ, бұл жандар 3 мың теңге көлемінде фидия садақасын берулері керек. Ал биыл пітір садақаның құны 500 теңгені құрап отыр.

Хамзат Әділбеков, облыстық “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы:

– Ораза – ашығу айы емес. Әлбетте, негізгі парыз ретінде адам ас-судан тыйылады. Бірақ, оразаның негізгі мақсаты – адамның бүкіл денесімен ораза ұстап, өзгеріске келуі. Әр адамның бойында бір кемшілік бар. Ораза ұстауға ниетті жандар осы жаман әдеттер мен кемшіліктерден арыламын деп кіруі тиіс. Ораза келген кезде адам әр уақытта қуанып, жақсы көңіл күйде жүруі тиіс. Биыл Қадір түні сәуірдің 27-сінен 28-іне қараған түні болады.