МТРА жаңалықтары

Петропавлда датчигі бар бейнебақылау камералары орнатылды

Облыс орталығының шеткері орналасқан аудандарындағы аялдамаларға датчигі бар бейнебақылау құрылғылары орнатылды.

Оның өзіндік ерекшелігі бар. Заманауи дүние автобус күту орнына қандай да бір зақым келген жағдайда бірден Полиция департаментіне және iKomek орталығына дыбыстық сигнал жолдайды. Нәтижесінде бұзақылар жылдам анықталып, жазаға тартылмақ. Жалпы, биыл Петропавлдағы камералардың саны 188-ге артпақ. Заман игілігін 2 ай ішінде стадиондарға, ескерткіштердің маңына, тіпті, қоқыс төгетін орындардың аумағына қою жоспарланып отыр. Іске «Орбита-Север» серіктестігі жауапты.

Владимир Гриб, «Орбита-Север» ЖШС техникалық директоры:

– Біз әр түрлі камера орнатамыз. Мысалы, белгілі бір нысандарды бақылау үшін қарапайым бейнекамера қоямыз. Ал адамдар мен көліктер көп жүретін жерлерге қозғалмалы құрылғы орнатамыз.

Эльмира Садвокасова