Мәдениет

Орыс драма театрында премьера саханаланды

«Уступи место завтрашнему дню». Осындай атаумен Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында премьера сахналанды.

Халықаралық театр күніне орай көрермен назарына ұсынылған қойылымның басты кейіпкерлері – Барк пен Люси есімді ерлі-зайыптылар.
Спектакльде 50-ші жылдары АҚШ-та болған оқиға көрсетілді. Қариялар қаржылық қиындықтарға тап болып, үйлерінен айырылып қалады. Баратын жер, басатын тау болмағасын зейнеткерлер балаларынан көмек сұрайды. Ал ұл-қыздары болса ата-аналарын қолдарына алғылары келмей өзара дауласады, бір-біріне сілтейді. Алайда, соңында ортақ келісімге келеді. Бірақ, біреуі – анасын, екіншісі әкесін күтуге шешім қабылдайды.

Тимур Кәрімжанов, Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының қоюшы-режиссері:

– Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі көтерілген еңбегіміз көрерменнің көңілінен шықты деп ойлаймыз. Осы спектакль арқылы жастарға қазыналы қарияларымызды құрметтеп, қолдау көрсету қажет деген ой тастағымыз келеді.

Эльмира Садвокасова