МТРА жаңалықтары

Өңірдің бас полицейі 2021 жылды қорытындылады

Былтыр өңірде жасалған қылмыстың жалпы саны 5,6 пайызға қысқарған. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс та 14 пайызға кеміпті. Бұл туралы облыстың бас полицейі Facebook желісінде өткен тікелей эфир барысында мәлімдеді. Айдын Қабдұлдинов онлайн байланыста солтүстікқазақстандықтарға 2021-де атқарылған шаруаны баяндады. Атап айтсақ, өткен жылы ұзақ уақыт бұрын жасалған 153 қылмыстың беті ашылып, 34 қылмыскер құрықталды. Іс-түссіз жоғалған 23 адам табылды. Сонымен қатар, мал ұрлығы 38 процентке азайды. Есірткі саудасының – 59, оны контрабандалық жолмен тасымалдаудың 11 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 410 келіден аса түрлі зиянды және психобелсенді зат алынды. Тікелей эфирде департамент бастығы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, саладағы өзгерістерге де тоқталды.

Айдын Қабдұлдинов, СҚО ПД бастығы:

– Жоғары технологиялы әрі халық сеніммен қарайтын полиция құру міндеті қойылды. Осы мақсатта штаттық құрылымдар өзгертілді, полицияға тән емес функциялар алынып тасталды. Ерекше жаңашылдықтың бірі – тәртіп сақшыларының қызметін бағалау жүйесінің енгізілуі.

Эльмира Садвокасова