«Электр қуатын байланыс үшін пайдалану». Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары осындай тақырыпта жоба әзірледі. Жасөспірімдер қолда бар материалдардың көмегімен телеграф жасап шығарыпты. Балалардың кейбірі – арнайы компьютерлік бағдарламаның, өзгелері -блютуздың, ал тағы біреулері қолдан жасалған батырманың көмегімен электр қуатын пайдаланып, түрлі сигналдар жолдады. Жалпы, онлайн режимде ұйымдастырылған үш күндік Наурыз кездесулеріне «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының барлық аймақтардағы оқу ордалары қатысқан. Осымен 10 жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан шараға «Жасанды интеллект және мехатроника» тақырыбы арқау болған.
Диас Қаршал, Химия-биология бағытындағы НЗМ студенті:
– Маған компьютерлік инженерия әрқашан қызықты болды. Осы салада болашақта өзімді көремін. Қазіргі заманда біз компьютермен көп жұмыс істейміз.
Магжан Ахмадина