COVID-19: Қазақстан

СҚО-да алғаш рет 2 күн бойы инфекция жұқтыру жайты тіркелген жоқ

Өңірдегі эпидахуалға тоқтала кетейік. Солтүстік Қазақстан облысында алғаш рет 2 күн бойы коронавирус инфекциясын жұқтыру жайты тіркелген жоқ. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ұсынған дерекке сүйенсек, аймақтағы соңғы жағдай наурыздың 21-ші жұлдызында мәлім болыпты. Бұл күні Петропавл қаласының және Мағжан Жұмабаев ауданының тұрғыны тапсырған қос сынама оң нәтиже көрсеткен. Енді ел көлеміндегі мәліметпен бөлісейік. Кеше тәж вирусы 18 адамнан анықталды. Оның тең жартысы – алматылықтар. Айта кеткен жөн, бүгінде республикамыздағы өңірлер мен қалалардың барлығы жасыл аймақта.

Байболат Култанов