Кең, іші жарық әрі жайлы. Бұл – Петропавлдағы «Барс- NORD» серіктестігі ашып жатқан 4-ші дүкен. Аталған компания облыс орталығында 2003-ші жылдан бері жұмыс істейді.
Ольга Исакова, «Барс-NORD» ЖШС директоры:
– Ұзақ уақыт ойлана келе филиалды «Жас өркен» ықшам ауданында ашамыз деп шештік. Себебі, осы аумақта құрылыс қызу жүріп жатыр. Яғни, пәтер иеленген тұрғындар үшін дүкеніміз жақын жерде орналаспақ. Жаңа дүкенде 50 жұмыс орны құрылды.
Сантехникалық жабдықтар, электр құралдары, саймандар, түрлі дизайндағы есіктер мен құрылысқа қажетті өзге де тауарлар. Дүкенде бау-бақшаға арналған дүниелер де жетерлік. Мұнда тауарлар көрші облыстардан және Ресей, Қытай мен Еуропа елдерінен жеткізіледі.
– Пәтер сатып алған едік. Енді ішін жақсылап жөндеу керек. Бұл жерде бізге қажетті заттардың барлығы бар екен.
– Мұдағы тауар түрі әр алуан. Өзіңнің талғамыңа сай дүниені таңдап алуға болады.
Елена Колосова, «Барс-Строй» дүкенінің қызметкері:
– Біздің дүкенде тұсқағаздардың түрі де, түсі де көп. Олар винил, флизелин, қағаз негізінде жасалған. Келушілерге тауар жайлы жан-жақты ақпарат береміз. Сатып алған дүниенің салмағы тым ауыр болса, ақылы түрде үйіне де жеткізіп бере аламыз.
Дүкендегі тауарлар ай сайын жаңарып отырады. Жақында мұнда Мәскеуден құрылыс материалдары жеткізілмек. Ал наурыз айының соңында үлкен жәрмеңке өткізілмекші.
Ольга Исакова, «Барс-NORD» ЖШС директоры:
– Тұрақты сатып алушыларға түрлі жеңілдік ұсынамыз. Мәселен, құны 50 мың теңгеден асатын чек жинасаңыз, сізге дисконттық карта беріледі. Дисконттық картасы бар адамға 3 пайыздық жеңілдік жасалады. Балды жинақтай келе жеңілдікті 8 пайызға дейін арттыруға болады. Ал зейнеткерлерге 5 пайыздық жеңілдік қарастырылған.
Тағы бір айта кететін жайт, «Барс-Строй» дүкенінен алған тауарыңыздың бағасы бір ретте 50 мың теңгеден асса, онда қызметкерлер жүкті үйге тегін жеткізіп береді екен. Мамандардың сөзінше алдағы уақытта өзге де акциялар қарастырылмақ. Нысанның ашылу салтанатына орай сатып алушылар арасында түрлі сыйлықтар мен 50 мың теңгенің сертификаты ойнатылды. Жаңа дүкен Горький мен Мұқанов көшелерінің қиылысында орын тепкен «Галерея» сауда үйінің бірінші қабатында орналасқан.
Бердимурат Баймухан