Солтүстікқазақстандық құтқарушылар қауырт кезеңге қамдануда! Бүгін Петропавлда Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы сап түзеді. Қаз-қатар тізілген мамандар мен техниканың және құрал-жабдықтардың әзірлігін ведомство бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов байқады. Сонымен қатар, ол аудандарға жіберілетін топтардың әрқайсына қауіпті учаскелерді, негізгі ережелерді еске салды. Алдын ала дайындалған жоспар бойынша құтқарушылардың алғашқы легі наурыздың соңы мен сәуірдің басында жолға шықпақ. Негізгі басымдық облыстың оңтүстік бөлігінде орналасқан Айыртау, Ғ.Мүсірепов пен Уәлиханов аудандарына беріледі. Себебі, аталған аумақтарда өзен-көлдердің деңгейі өзгелерінен ерте көтеріліп, ауылдарға қауіп төндіруі ықтимал.
Әділ Сыпайы, СҚО ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығы бастығының орынбасары:
– Біз Ақжар және Тайынша ауданына барамыз. Жеке құрам 17 адамнан тұрады. 4 автокөлігіміз бар. Мақсатымыз – қауіпті болдырмау.
Эльмира Садвокасова