МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар Президент айтқан бастамаларды қолдауда

Депутаттардың ел алдында есеп беріп, жұртпен кездесуі, олардың халықпен қарым-қатынасын нығайтады.

Солтүстікқазақстандықтар Президенттің Жолдауында айтылған бұл сөзін қос қолдап қолдауда. Сөздерінше, депутаттар тұрғындардың алдына жиі шығатын болса, күрмеуі күрделі мәселелер шешімін табады. Яғни, осылайша халық қалаулылары қоғамның үнін естіп, дер кезінде тиісті шаралар қабылдайды және кез келген келеңсіздіктің алдын ала алады.

– Мемлекет басшысы айтқандай аудан әкімдерін мәслихат сайлауы қажет. Өйткені, билік басында жүргендердің қалай жұмыс атқаратынын жергілікті депутаттар жақсы біледі. Сонымен қатар, атқарған шаруаларын да қадағалайды.
– Президенттің үлкен аймақтарды жаңа облыстарға бөлгені өте дұрыс. Бұл халықтың әл-ауқатын арттыруға септеседі.

Бердимурат Баймухан