Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыс әкімдерімен кеңес өткізді. Жиын барысында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Президент Үкімет пен әкімдерге проблемаларды жедел шешу және халықтың әл-ауқатын арттыру жөнінде шаралар кешенін қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құру стратегиясы аясында саяси реформалардың кезекті топтамасын іске асыру бойынша бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, әкімдер азаматтармен жұмыс істеу тәртібін қайта қарауы керек. Аудан және ауыл тұрғындарымен жиі кездесіп, оларды мазалаған мәселелерді біржақты ету арқылы қоғам сенімін арттыруы тиіс. Бұдан бөлек, жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті дамыту жөнінде жүйелі шаралар қабылдауға тапсырма берілді.
Эльмира Садвокасова