МТРА жаңалықтары

Бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға өзгеріс енгізілмек

Бәсекеге қабілетті және еркін. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық ақпарат құралдарына қойған талабы. Төртінші билік деп аталатын тілшілерге артылған жүк ауыр. Тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары БАҚ болмаса, қоғамды демократияландыру мүмкін емес. Алайда, еркіндік деп, ойға келгеннің бәрін бірдей айта беруге де болмайды. Бүгінде кей ақпарат көздері өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың мұң-мұқтажын жеткізудің орнына орынсыз тақырыпқа хабарлар жазады дейді ардагер-журналист Марат Ермұқанов.

Марат Ермұқанов, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі:

– “Отандық БАҚ отаншыл болуы керек”, деп айтты. Бұл өте өзекті мәселе. Қазір әлеуметтік желілерде жалған ақпарат көп тарайды. Тіпті, сайттарда бейәдеп сөздер қолданылады.

Үлкен жауапкершілік тілшілер қауымына ғана емес, Парламентке де жүктелді.

Медальбай Әбдірахманов, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі:

– Президент біраз өкілеттілігін Парламентке беріп жатыр. 30 жылдық суперпрезиденттік жүйе өз-өзін ақтады. Ел Тәуелсіздігін енді ғана алғанда бұл өте қажет еді. Бүгінде мемлекетті дамыту үшін құзыреттілікті бөлу де дұрыс.

Президент еліміздегі көптеген ауқымды жобалардың іске асуы көңіл көншітпейді деді. Енді республикалық бюджеттің орындалу сапасын Парламент бақылайтын болады. Алдағы уақытта мәслихаттардың рөлін нығайтуға да назар аударылмақ.

Эльмира Садвокасова