COVID-19: Қазақстан

Вакцинация жалғасуда

Еліміз жасыл аймаққа өткенімен арқаны кеңге салуға әлі ерте. Сондықтан, короновирустың алдын алу шараларын ұмытпай, екпе алуды жалғастыру қажет дейді ақ халаттылар. Өйткені, ол – қатерлі дертпен күресудің жалғыз амалы.

Айжан Тастубай, №1 қалалық емханасы жалпы тәжірибедегі дәрігерлер бөлімшесінің меңгерушісі:

– Ақпан айында коронавирус індетімен емханаға жүгінетіндер қатары қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда төмендеді. Жылдың басында біздің дәрігерлер шақыртуларға түнгі 10-11-ге дейін шығып жүрді. Қазір күніне 10-12 шақырту болады.

Дәрігерлер жыл басталғалы вакцина алуға жүгінетіндердің де қатары артты деп отыр. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай. Қазір емханада Спутник V және ревакцинация жасау үшін VeroCell мен Pfizer вакциналары бар екен.

Айжан Тастубай, №1 қалалық емханасы жалпы тәжірибедегі дәрігерлер бөлімшесінің меңгерушісі:

– Біздің емханада тіркеуде тұрғандардың 34 мың 249-ы екпенің 1-ші компонентін алды. Ал вакцинацияның толық курсынан 32 мың 673 адам өтті. Тағы Pfizer-ді қойып жатырмыз. Оны 700-і жасөспірім, 72 жүкті әйел мен бала емізіп жүрген 141 ана алып үлгерді. Тағы 65 жастан асқан 300 петропавлдыққа қойылды.

1-ші қалалық емхананың қызметкерлері демалыс күндері де вакцинациялау шараларын жүргізеді. Екпе жасайтын орын емдеу мекемесінде ғана емес, «Достық молл» сауда орталығында да бар. Тағы айта кету қажет, үйден шыға алмайтын жандарға арналған арнайы бригадалар жасақталған. Олар үйге келіп вакцина қойып беруге әзір.

Магжан Ахмадина