МТРА жаңалықтары

Абайлаңыз, мұз сүңгілері!

Мейрамхана шатырын уақытында тазаламаған кәсіпкер әкімшілік жауапкершіліке тартылды. Жуырда Н.Назарбаев көшесіндегі мейрамханалардың төбесінен қар аралас мұз сырғып түсіп, нысан алдында тұрған көлікті бүлдірген.
Көктем келіп, күн жыли бастаған соң қазір әр ғимараттың шатырынан салбырап тұрған мұң сүңгілерін байқауға болады. Бұл көлік үшін ғана емес, тұрғындар да қауіпті. Сол себепті, тәртіп сақшылары кез келген нысанның жанынан өтіп бара жатқанда абай болу қажет дейді және оқыс оқиғалардың алдын алу үшін шатырдағы қарды уақытылы тазарту қажеттігін ескертеді.

Сейілбек Елжасов, қалалық ПБ ЖПҚБ бастығының орынбасары:

– Жыл басынан бері ҚР ӘК 505 бабы бойынша 1158 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондықтан, кәсіпкерлер мен жеке ғимараттардың иелеріне ескертетін уақыт келді.

Дана Ешкенова