МТРА жаңалықтары

Өңірде «Күшіміз бірлікте!» атты челлендж бастау алды

Надежда Клочкова 88 жаста. 2 жыл бұрын жұбайы дүниеден озған. Зейнет жасына дейін зауытта еңбек етіпті. Үй маңындағы қарды тазалауға жалғыз өзінің күші жетпегендіктен белсенділерді көмекке шақырған екен. Жүрегі мейірімге толы еріктілер келіп, көмек қолын созып жатыр.

Надежда Клочкова, зейнеткер:

– Хорошо они помогают. Хорошо очень. 01.39 Молодцы дети, молодцы вы. Спасибо вам большое!

Қарияның алғысына бөленген жастар істеріне одан сайын қызу кірісіп кетті. Алла Кувшинова – таудай тәжірибе жинаған волонтер. Еріктілікпен 20 жылдай айналысып келеді екен. Ал өткен жылы “Күміс волонтер” атанған.

Алла Кувшинова, волонтер:

– Қария бізді аса мейіріммен қарсы алды. “Шәй ішіп алыңдар” деді. Осылай бізге деген ризалығын білдірді. Қала тұрғындарын осы челленждге қатысуға шақырамын. Біздің күшіміз – бірлікте.

Жастар ресурстық орталығы мамандарының айтуынша күніне 2-3 зейнеткерден өтініш келіп түседі екен. Бүгін белсенді жастар жоспар бойынша 7-8 үйге баруы керек. Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта қалада 100-ге жуық зейнеткер жалғыз тұрады. Олардың көбіне үй шаруасы бойынша көмек қажет екені айтпаса да түсінікті.

Әлфараби Мыңбай, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:

– Челленджді ұйымдастыра отыра өзімнің әріптестеріме Қызылжар ауданы және Жұмабаев аудандарындағы жастар ресурстық орталықтарына челлендж жолдаймын. Қаламыздағы қоғам белсенділеріне осы челленджді жолдаймыз. “Кең болсаң, кем болмайсың” демекші барлығымыз бір-бірімізге көмектесіп жүрейік.

Аталған науқан өңірде осы айдың соңына дейін жалғасады.