Петропавлдық “Qyzyljar” футбол клубы кезекті мәрте жеңіліс тапты! Бұл жолы солтүстікқазақстандық команда қарағандылық “Shakhter”-ге есе жіберді.
Нұр-Сұлтан қаласындағы “Astana Arena” стадионында өткен матч 0 де 1 есебімен аяқталды. Жалғыз голды 81-ші минутта Абылайхан Назымханов соқты. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жерлестеріміз ақтаулық “Caspiy”-дан ұтылған болатын. “Qyzyljar”-дың келесі қарсыласы – былтырғы ел чемпионы қостанайлық “Tobol”. 3-ші тур аясында сырт алаңда ұйымдастырылатын ойын наурыздың 17-ші жұлдызына белгіленген. Кездесуден кейін команда капитаны Мирослав Лобанцев Instagram желісіндегі парақшасына сторис салып, елордаға қолдау көрсету үшін арнайы барған жанкүйерлерге алғыс білдірді және қателікті түзейтіндіктері туралы жазды.
Байболат Култанов