Өңір тарихында бірінші рет. Солтүстікқазақстандық спортшы Александр Герлиц ел үшін Қысқы Паралимпиада ойындарының алғашқы медалін жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының капитаны кеше Пекинде 10 шақырымдық парабиатлон жарысында сынға түсіп, 1 сағат 21 минут уақыт нәтижесімен мәре сызығын кесті. Осылайша жерлесіміз қолаға қол жеткізді. Бұл сайыста күміс жүлде украиналық Григорий Вовчинскийке бұйырса, алтынды канадалық Марк Аренд жеңіп алды. Айта кету қажет, Қысқы Паралимпиада ойындарында бұған дейін бірде-бір солтүстікқазақстандық спортшы жүлде еншілемеген. Ел құрамасы сапынан да ешбір биатлоншы жүлдеге ілікпеген екен. Александр Герлиц ел қоржынына салған алғашқы медальді Халықаралық әйелдер күніне арнағанын айтты.
Алдияр Айтпаев