COVID-19: Қазақстан

Өткен тәулікте облыста 25 адам коронавирус жұқтырды

Өңірдегі эпидахуалға тоқтала кетейік. Өткен тәулікте облыстың 25 тұрғыны коронавирус жұқтырған.

Науқастанғандардың 4-еуі ғана сырқатты симптомсыз түрде өткеруде. Облыста ковид-19-ға шалдығу жағдайлары сәл де болсын сиреген. Өткен 2 аптамен салыстырғанда инфекция жұқтыру қарқыны бүгінде 20 пайызға азайыпты. Елдегі жағдай да тұрақталып келеді. Соңғы 24 сағаттың ішінде Солтүстік Қазақстан облысын қоспағанда 62 жағдай тіркелген. Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Қазақстанның барлық өңірі қауіпсіз “жасыл” аймақта.

Дана Ешкенова