Хоккейден Қазақстан чемпионатының негізгі бөлігі аяқталды. Яғни, ел біріншілігіне қатысып жатқан 13 команданың әрқайсысы 48 ойыннан өткізіп үлгірді.
Бүгінде көш басына қарағандылық «Saryarqa» жайғасты. Ал петропавлдық «Qulager» турнирлік кестенің 7-ші сатысында тұр. Біріншілік аясында солтүстікқазақстандықтар қарсылас қақпасынан 135 рет саңылау тауып, өз қақпасына 153 мәрте шайба өткізіп алған. Нәтижесінде қазіргі таңда құрама қоржынында 55 ұпай бар. Енді жергілікті ұжым плей-офф аясында көкшетаулық «Arlan»-ға қарсы ойын өткізеді. Қос команда арасындағы кездесу наурыздың 11-і мен 12-сі күндері Петропавлда өтеді.