Спорт

Кеше қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті

Кеше Пекинде Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Биыл төрткүл дүние көз тіккен дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ден астам спортшы жиналыпты. Санлақтар наурыздың 14-іне дейін өзара 6 спорт түрі бойынша бақ пен бап таластырады. Байрақты бәсекеде ел құрамасы сапынан 3 солтүстікқазақстандық шаңғы жарысында сынға түспек. Атап айтсақ, Сергей Усольцев, Александр Герлиц және Паралимпида ойындарының ашылу салтанатында көк туымызды көтеріп шыққан Ербол Хамитов. Спортшыларымызға сәттілік тілейміз.

Алдияр Айтпаев