Новоникольское, Трудовое мен Новоалександровка ауылдары. Үш елді мекенде 2200-ден астам адам тұрады. Оның 1600-і екпе алуға жарамды. Бүгінгі таңда тізімге енген жандардың 86% Новоникольское селосында орналасқан вакцинация пунктінде иммундаудан өткен.
Константин Немков, Қызылжар аудандық ауруханасының жалпы тәжірибедегі дәрігері:
– Тұрғындарды иммундау шарасына тарту үшін біз үй-үйлерді аралап, екпенің маңыздылығын түсіндірудеміз. Қазіргі таңда бізде жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін әйелдерді вакциналау қарқынды түрде жүргізілуде. Қосында «Vero Cell», «Pfizer», «QazVak» сынды препараттар бар.
Жалпы, Қызылжар аудандық ауруханасында 42 мыңнан астам теріскейлік тіркеуде тұр. Оның 30 мыңы екпе алуға жарамды. Бұл жандардың бірқатарына өткен жылдың ақпан айынан бері 6 вакцинация қосынында қызмет көрсетілген.
Валентина Песоцная, Қызылжар аудандық ауруханасының емхана меңгерушісі:
– 18 мыңнан астам адам екпенің алғашқы қос компонентін салдыртты. Ал ревакцинациядан өткендердің саны 6 мыңнан асады. Сондай-ақ, бүгінге дейін емханамызда 520 жасөспірім, 23 жүкті әйел және бала емізетін 24 нәзікжанды иммундаудан өтті. Бұл жандарға «Pfizer» вакцинасы қойылды.
Осы орайда өңірдегі эпидахуалға тоқтала кетейік. Өткен тәулікте 38 солтүстікқазақстандық індетке шалдыққан. Тағы бір айта кетерлік жайт, кеше облыс “сары” аймақтан “жасыл” зонаға өтті.
Алдияр Айтпаев