Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің мәдениет саласы ауыз толтырып айтарлықтай дамыды. Алға басуға нәзікжандылар қауымы өлшеусіз үлес қосуда. Соның ішінде күллі ТМД елдеріне есімі таныс Роза Бағланова мен Бибігүл Төлегенованың орны бөлек. Олар талай сахнада ән шырқап, Қазақстанның атын шығарды, сонымен қатар мыңдаған шәкіртке ұстаз болды. Ал, Шара Жиенқұлова – би өнерінің ханшайымы.
Әсел Жолдағарина, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы:
– Шара Жиенқұлова – елімізден шыққан ең алғашқы кәсіби биші және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Ол еңбек жолын
Қазақ драма театрынан бастаған. Тұңғыш рет атақты Бейімбет Майлиннің «Майдан» пьесасында ойнады. Сондай-ақ, «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөз» туындыларында басты рөлдерді сомдады.
Талантты тұлғалардың өмірімен Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында қанат жайған көрмеде жақынырақ танысуға болады. Мұнда олар жайлы жазылған бірнеше кітап қойылған.
Әсел Жолдағарина, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы:
– Сондай-ақ, бұл жерден атақты отандастарымыздың қаламынан туған кітаптарды және олардың суреттерін көруге болады. Келген адамдарды құшақ жая қарсы аламыз. Жан-жақты ақпарат беріп, қызықты деректермен бөлісеміз. Бұл көрме жастар қауымы үшін өте пайдалы деп ойлаймын.
Айта кетейік, кітапханадағы көрме 2 аптаға жалғасады. Оны кез келген адам тамашалай алады.
Бердимурат Баймухан