Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы саласында 2 сыбайлас жемқорлық фактісі анықталған

Алаяқтық және қызметтік жалғандық жасау. Ауыл шаруашылығы саласында тіркелген осындай екі іс бойынша бүгіндері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаментіндегілер тексеру жұмыстарын жүргізуде. Жалп аталған секторға қаражат көп бөленеді. Тек былтырғы жылы ғана ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында 40 млрд теңгеден астам қаржы бағытталыпты. Бармақ басты, көз қысты әрекеттерді болдырмау үшін агенттік өкілдері кешенді талдау шараларын жүргізген. Оның нәтижесі көңіл көншітпейді. Саладағы нормативтік-құқықтық актілердің жыл сайын өзгеріске ұшырап отыруы салдарынан кейде шаруашылықтар олардан бейхабар болады екен. Тағы субсидиялар көбіне ірі шаруашылықтарға беріліп, шағын қожалықтар ақшадан қағылады. Яғни, қазына қаржысы тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кететін көрінеді. Осы сынды олқылықтар талдау барысында анықталып, 47 ұсыным әзірленген. Олардың кейбірі – нормативтік-құқықтық актілерге, енді бірі – ақпараттық жүйелерді жетілдіру, ал қалғаны ұйымдастырушылық шараларға қатысты болған.

Нұрлан Жахин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

– Шаруашылықтарға олардың сұранысынсыз бюджет қаражатын жоспарлау тиімділігінің төменділігі. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін бұзу. Мысалы, олар тегін болуы керек, ал олар ақылы түрде жасалған. Ақпараттық жүйелердің интеграциясының болмауы, оны пайдалану қиындылығы және қолжетімсізділігі. Коллезиялардың болуы.

Магжан Ахмадина