Қылмыс

СҚО-да полицейлері «Stop трафик» жедел-алдын алу шарасын өткізді

Петропавлдағы 2 саунада жеңгетайлық фактісі тіркелді.
Жергілікті тәртіп сақшылары «Stop трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 1 апта бойы қаладағы көңіл көтеру орындарында, моншаларда, қонақ үйлер мен базар және вокзалда рейд жүргізді. Нәтижесінде көлденең жолмен көк тиын тапқан қыз-келіншектер анықталды. Адам саудасының алдын алуға бағытталған акция кезінде “Қоғамдық жерлерде тиісу” фактісі де белгілі болып, сотқан жандарға қатысты 46 хаттама толтырылды. Құқық қорғаушылар осыған ұқсас жайттардың куәсі болған жағдайда “102” нөміріне хабарласу қажеттігін ескертеді.