МТРА жаңалықтары

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасының директоры өмірден озды

Бүгін есімі күллі теріскей өңіріне жақсы таныс дәрігер Олег Завьялов қайтыс болды.

59 жасында өмірден озған білікті маман Қорған өлкесінің Катайск қаласында туған. Омбы мемлекеттік медицина институтының түлегі Солтүстік Қазақстан жерінде түрлі лауазымда еңбек етті. Соңғы атқарған қызметі – көпбейінді облыстық балалар ауруханасының директоры. Азамат емдеу мекемесін 10 жылдың көлемінде басқарды. Осы уақыт ішінде әлеуметтік маңызы бар нысан ауыз толтырып айтарлықтай дамыды. Арна ұжымы Олег Завьяловтың жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Бердимурат Баймухан