COVID-19: Қазақстан

«Ауырмас үшін екпе ал!» акциясының жеңімпаздары белгілі болды

Тіс тазалау мен басқа да стоматологиялық қызметтерге арналған 10000, 20000 және 50000 теңгелік сертификаттар.

Осындай сыйлықтар бүгін «Ауырмас үшін екпе ал!» акциясының жеңімпаздарына табысталды. Естеріңізге сала кетейік, аталған шара ақпан мен наурыз айларының аралығында №1 қалалық емханада өткізілген болатын. Акция аясында 100-ден аса адам екпе қабылдапты. Олардың арасындағы 30-ға жуық жанның бүгін бағы жанып, тіс емдетуге арналған түрлі жеңілдіктерге ие болды.

Бауыржан Аскандиров, қала тұрғыны:

– Бірінші рет вакцина алдым. Осындай акция өтіп жатыр деп айтты. Бүгін сертификат ұтып алдым. Қуаныштымын.

Бердимурат Баймухан