ТЖ

Қазақстанда дабыл қағылады

Қазақстанда дабыл қағылады! Дүрлігуге себеп жоқ. Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында ертең, яғни көктемнің алғашқы күні елімізде азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеріс жүргізіледі, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінен.

Дыбыстық сигнал таңғы 9-бен күндізгі 12-нің аралығында берілмек. Дабылды естіген кезде теледидар мен радиоқабылдағышты қосу керек. Хабар таратқыш техника арқылы тұрғындарға одан әрі әрекет ету тәртібі ұсынылмақ. Қажетті ақпарат интернет-ресурстарда және мобильді қосымшаларда да қолжетімді болады.

Бердимурат Баймухан