ТЖ

1 наурыз – Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні

Қаз-қатар тізілген мына техниканың барлығы алда-жалда төтенше жағдай орын ала қалса, іске кірісуге әзір. Олардың оқыс оқиғаларға дайындығын бүгін оқушылар да қарап көрді. Балалар үшін, әрине, құтқарушылардың жұмысы қызық. Үлкен көліктерге отырып, автосатымен биіктікке көтерілген балғындар риза.

Маған бүгін бәрі ұнады. Өрт сөндірушілердің машиналарын көрдік. Онда өте қызық.

Маған машинада болған ұнады. Оның ішінде отырған ұнады.

Бұл жерде иісшіл иттердің қызметі де көрсетілді. Олар жоғалған тұрғындарды іздестіруде және қирандылардың арасынан адамды табуға көмектеседі екен. Өрт сөндірушілердің костюмдері де балалардың көңілінен шықты. Тағы балғындар бұл күні өздері де құтқарушылардың рөлін сомдап көрді.

Бір сөзбен айтқанда, бұл күні құтқарушылардың жұмысы толығымен көрсетілді. Жалпы, бұл шара жылдағы дәстүр бойынша Азаматтық қорғаныс күні қарсаңында ұйымдастырылып отыр.

Қуат Махметов, СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицер:

– 10 техника қойылған. Біздің күнделікті жұмыста қолданылатын техникалар. Яғни, авариялық-құтқару жұмыстарында қолданылатын техника және өрт сөндіру техникасы. Ауа райының қолайсыз жағдайында іздестіруге арналған техникалар. Оқушылар үшін қызықты болатын көліктерді қойдық.

Айта кеткен жөн, наурыз айы бойы өрт сөндіру бөлімдерінде ашық есік күні өткізіледі. Ниет білдіргендер құтқарушылардың жұмысымен таныса алады.

Магжан Ахмадина