Денсаулық сақтау

СҚО “сары” аймаққа өтті

2 ай бойы қауіпті аймақта болған Солтүстік Қазақстан облысы бүгін “сарыға” өтті. Өйткені, өңірде тәж вирусын жұқтыру жағдайлары азайды. Соңғы екі аптада COVID-19-бен 1400-ден астам адам науқастанған. Бұл оның алдындағы қос аптадағы жағдайлардан 3 есеге кем. Коронавирус қарқынының төмендеуі бүкіл облыс көлемінде байқалады. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингіде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова тиісті қаулыға енгізілген өзгерістер туралы да айтты. Енді ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен қарым-қатынаста болған адамдардың үйде отыруы талап етілмейді. Сондай-ақ, “Comirnaty” вакцинасын егуге болатын азаматтардың қатары көбейді.

Татьяна Горлова, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Енді америкалық екпені бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен 50 жастан асқан жандар салдырта алады. Сондай-ақ, аталған препараттың алғашқы дозасын шетелде қабылдағандар курсты елімізде аяқтай алады. Жаңа қаулыға сәйкес, енді “жасыл” немесе “көк” мәртебесі бар ата-аналарға білім беру ұйымдарына кіруге рұқсат етіледі.

Дана Ешкенова