Денсаулық сақтау

Коронавирустың таралу қарқыны бәсеңдеді

Өңірде эпидахуал жақсарып келеді. Соңғы тәулікте коронавирус 55 адамнан анықталды.
Өткен қос аптамен салыстырғанда вирус жұқтыру деңгейі 61 пайызға азайған екен. Мамандардың сөзінше бұл – өңірде жүргізіліп жатқан иммундау шарасының нәтижесі. Бүгінде коронавирусқа қарсы екпенің толық курсын 282 мың солтүстікқазақстандық қабылдаған, ал ел бойынша 8 млн 941 мың адам вакциналанған.

Бердимурат Баймухан