Қылмыс

СҚО-да интернет-алаяқтыққа құрық табылмай тұр

СҚО-да интернет-алаяқтыққа құрық табылмай тұр. Ғаламтордың ар жағында жасырынып алып қулыққа баратындар жаңа әдіске көшті. Жуырда Петропавлда 44 жастағы әйел адамға сондай бір банктенмін деп біреу хабарласқан. Атыңызға алаяқтар 4 млн теңгенің несиесін рәсімдегелі жатыр, банктік операцияны кері қайтару керек деген. Осы мақсатта WhatsApp’е арқылы несиенің күшін жою туралы келісім шарт үлгісін жібереді.

Міне, осы сәтте қала тұрғыны кәдімгідей сеніп қалған. Жіберілген PDF-сурет ресми құжатқа өте ұқсас келсе керек әрі онда банктің логотипі болыпты. Алаяқ осылай сендіріп барып 4 млн теңге қарыз алдыртқан. Ақшаны “сақтандыру есеп-шотына” аудартқызып алып, зым-зия жоғалған. Жапа шегуші әйел манағы келісім-шарттың жалған екендігін кейін ішінде аты-жөнінің жоғын көргенде бірақ түсінген.

Бердимурат Баймухан